М.Жұмабаев ауданы білім бөлімінің кеңесіне қатысу

М.Жұмабаев ауданы білім бөлімінің кеңесіне қатысу

Департамент басшысы Таласбаева Гүлнара Темірболатқызы 2025 жылғы 14.03. М.Жұмабаев ауданы білім бөлімінің кеңесіне қатысты.

Кеңеске білім бөлімінің қызметкерлері,  мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысты.

Гүлнара Темирбулатқызы Департамент жүргізіп жатқан бақылау іс-шараларының қорытындыларын ұсынды, НҚА-дағы негізгі өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ҚР Оқу-ағарту министрлігі іске асырып жатқан жаңа жобалармен таныстырды.

Білім беру ұйымдарының басшыларына тамақтану, қауіпсіздік, мектеп формасын сақтау, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асыру, 2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға дайындық мәселелерін бақылауға алуды ұсынды.