Азаматтарды жеке қабылдау (12.03.2025 ж.)

Азаматтарды жеке қабылдау (12.03.2025 ж.)

2025 ж. 12.03. Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы кезекті азаматтарды қабылдау өткізді. Петропавл қаласында орналасқан «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Азамат Жұмабекұлы Есілбаев мемлекеттік аттестаттау мәселелерімен жүгінді.

Департамент басшысы Азамат Жұмабекұлына әр қойылған сұрақтарына түсініктеме берді. Негізгі сұрақтары «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығы шеңберінде болды.