
Департамент басшысы Таласбаева Гүлнара Темірболатқызы Жамбыл аудандық білім бөлімінің кеңесіне қатысты. Кеңеске мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, сауықтыру лагерлерінің директорлары, түзету кабинеті мен өнер мектебінің басшылары қатысты.
Мәжілісте Департамент басшысы Департамент жүргізіп жатқан бақылау іс-шараларының қорытындыларын ұсынды, НҚА-дағы негізгі өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ҚР Оқу-ағарту министрлігі іске асырып жатқан жаңа жобалармен таныстырды.
Білім беру ұйымдарының басшыларына тамақтану, қауіпсіздік, мектеп формасын сақтау, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асыру мәселелерін бақылауға алуды ұсынды.