Проблемалық мәселелердің шешу жолдары (Ақжар ауданына жұмыс сапары)

Проблемалық мәселелердің шешу жолдары (Ақжар ауданына жұмыс сапары)

 

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева Ақжар ауданының әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімінің орынбасары Жұрұнтаев Бөгенбай Аралбайұлымен кездесті.

Сондай-ақ, кездесуге білім бөлімінің бас маманы Закарина Самал Көшалиқызы, білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы қатысты.

Департамент басшысы Департаменттің бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы таныстырды, аудан мектептерін мемлекеттік аттестаттау бойынша проблемаларды атап өтті, аттестатталмаған білім беру ұйымдарында анықталған негізгі бұзушылықтарға, сондай-ақ мектептер үшін ББЖМ, PISA нәтижелері туралы мәлімдеме берді.

Бұдан басқа, мониторингтік қызметтің нәтижелері туралы, атап айтқанда мектептерде кешенді жаңғыртудың болмауы туралы. «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ нормаларын сақтау, мұғалім мамандығының беделін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланып ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, Департамент басшысы бірқатар білім беру нысандарын аралады, оның ішінде 2024 жылы жаңғырту жүргізіліп, ағымдағы жылы жаңғырту жүргізілетін мектептердің дайындық жұмыстарымен танысты.