Проблемалық мәселелердің шешу жолдары ( Уәлиханов ауданына жұмыс сапары)

Проблемалық мәселелердің шешу жолдары  ( Уәлиханов ауданына жұмыс сапары)

 

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдуловпен ауданның білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша жұмыс кездесуіне қатысты. Сондай-ақ, кездесуге Сағитов Талғат Құрманғалиұлы аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары және білім бөлімінің басшысы Искаков Қуаныш Серікұлы қатысты.

Департамент басшысы Департаменттің бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы таныстырды, аудан мектептерін мемлекеттік аттестаттау бойынша проблемаларды дәлірек айтты, аттестатталмаған білім беру ұйымдарында анықталған негізгі бұзушылықтарға, сондай-ақ мектептер үшін ББЖМ, PISA нәтижелері туралы мәлімдеме берді.

Бұдан басқа, мониторингтік қызметтің нәтижелері туралы, атап айтқанда мектептерде кешенді жаңғыртудың болмауы туралы. «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ нормаларын сақтау, мұғалім мамандығының беделін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланып ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, Департамент басшысы бірқатар білім беру нысандарын, соның ішінде Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжін аралады.