PISA-2025-ке дайындық жұмыстары туралы

PISA-2025-ке дайындық жұмыстары туралы

 

PISA (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама - бұл                                 15 жастағы мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын бағалайтын білім беру сапасын халықаралық салыстырмалы зерттеуі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қамқорлығымен өткізіледі.

PISA-2025 оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және цифрлық әлемде оқыту сияқты басым бағыттар бойынша сауаттылық деңгейін бағалайды.

Білім беру ұйымдарын іріктеу стратификацияланған рандомдық іріктеу әдісімен жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысынан 2025 жылы халықаралық зерттеуге                   46 білім беру ұйымы қатысады.

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы ағымдағы жылы PISA-2025-ке қатысатын Петропавл қаласының мектептерін аралады. Мектеп басшыларымен және үйлестірушілерімен кездесулерде мектеп тренажерларымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, зерттеуге дайындық және академиялық адалдықты сақтау мәселелері талқыланды.