Мемлекеттік басшысының тапсырмаларын орындау барысы туралы

Мемлекеттік басшысының тапсырмаларын орындау барысы туралы

Мемлекеттік басшысының тапсырмаларын орындау барысы туралы

 

Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Департамент басшысы Г.Т. Таласбаева Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Р.Н.Смагуловпен білім беру саласындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға сәйкес, атап айтқанда шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы мектептерді заманауи стандарттар бойынша жаңғырту, білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жабдықтарымен жарақтандыру, сондай-ақ «1300 мектепті жаңғырту» жобасын іске асыру барысы бойынша кездесті.

Сонымен қатар, кездесуде ауданның білім беру саласындағы проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан бақылау іс-шараларын өткізудің маңыздылығы оң қабылданды, әңгіме сындарлы  өтті деп айтуға болады.

Сондай-ақ, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.С. Шариповпен және білім бөлімінің басшысы Т. Б. Қарабаевпен бірге Департамент басшысы 2024 жылы модернизация жүргізілген мектептерде болып, ағымдағы жөндеу жүргізудің сапасы, пәндік кабинеттерді сатып алу, жиһаздарды жаңарту, асханаларды, кітапханаларды жаңғырту, қауіпсіздік жағдайларын жақсарту жұмыстарымен танысты.

«Бұлаев мектеп-бөбекжай кешені» КММ мектеп директоры Ж.Ж. Әлназиров мектепті жаңарту бойынша презентация ұсынып, жазғы кезеңдегі алдағы жұмыстар туралы мәлімдеді.