2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын мектептер үшін семинар

2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын мектептер үшін семинар

2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын мектептер үшін Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті және СҚО әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығы кезекті бірлескен семинар өткізді.

Мектеп әкімшілігінен білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын жүргізу және өзін-өзі бағалау қорытындылары бойынша қорытынды дайындау кезінде туындаған бірнеше мәселелер алдын ала келіп түсті. Семинар барысында білім беру қызметіне қойылатын жекелеген біліктілік талаптары түсіндірілді, педагогтердің атқаратын лауазымына сәйкестігін анықтау мәселелері, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтердің үлесін айқындау тәсілдері талқыланды.

2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын мектептердің тек 20% - ы аттестаттау комиссиясының оң қорытындысын алды. Кейбір мектептерде өзін-өзі бағалау материалдарының жосықсыз және сапасыз қалыптасуы байқалады, бұл аттестаттаудан өтпеуге себеп болды.

Әдістемелік орталықтың бастамасы бойынша өзін-өзі бағалау кезінде мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Департамент тартатын сарапшылардан тұратын мобильді топтар құрылды.