
2025 ж. 21 қаңтарда Департамент басшысы Г.Т.Таласбаева "Солтүстік Қазақстан облысының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлары" тақырыбындағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысына қатысты.
Өз сөзінде облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жүсіп Рахатұлы Жұмағұлов облыстық бюджеттің 33% білім беру саласы құрайтынын атап өтті және атқарылған жұмыстар туралы жұртшылыққа талдау жасады. Бұл облыстың 54 мектебінде күрделі жөндеу жүргізу, 51 пәндік кабинет сатып алу, білім алушыларды тасымалдау үшін 42 мектеп автобусын сатып алу.
Сондай-ақ, жаңа мектептер салу есебінен апатты мектептердің мәселелері шешілгені, мемлекеттік тілде оқытатын сыныптардың көбейгені және 10 тірек мектеп құрылғаны туралы мәлімдеді.