2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге 132 өтініш қабылданды, оның ішінде 124 (93,9%) өтініш бойынша оң шешім, 8 өтініш бойынша бас тартылды (6%).

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша беру бойынша 9 қызмет, білім беру қызметіне лицензияны қайта ресімдеуге 17 қызмет көрсетілді (барлығы-26), 5 қызмет бойынша бас тартылды құжаттардың толық болмауы себебінен (1) және біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі себебінен (4). Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оң қаралған өтініштердің үлесі 80,7% құрады.

Білім туралы 106 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: жоғары білім – 1, жалпы орта білім – 66, негізгі орта білім – 13, ТжКБ – 16, басқалары – 10. Үш қызмет бойынша бас тартылды: 1 қызмет – құжаттың түпнұсқалығын растау мүмкін болмады, көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілді, 2 қызмет – құжат жоғары білім беру ұйымынан шығатын болып табылады, көрсетілетін қызметті алушылармен түсініктемелер жүргізілді. Апостиль қою мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оң қаралған өтініштердің үлесі 97% құрады.