I. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау қорытындылары.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2024 жылы 211 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізді, оның ішінде, 9 мектепке дейінгі ұйым, 1 колледж және 201 орта білім беру ұйымы.
9 мектепке дейінгі ұйымдардың 8 – і (88%) сараптама комиссиясының оң қорытындысын алды.
201 орта білім беру ұйымдарының ішінен мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өткен жалпы санынан алғанда сараптама комиссиясының оң қорытындысын 40 мектеп (19,9%) алды. «Аттестатталмады» нәтижесімен 161 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өте алмады (80,1%).
Аттестатталмаған білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бұзылуы анықталды.
Ең жиі кездесетін бұзушылық – білім алушыларды дұрыс бағаламау. Толық көлемде ұсынылмаған немесе ұсынылмаған 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары үшін Kundeliк.kz түсіруі (көшірмесі), бұл жекелеген критерийлер бойынша талаптарға сәйкестікті/сәйкессіздікті анықтауға мүмкіндік бермейді (қосымша білім беруді, жұмыс оқу жоспарының вариативті компонентін, «Жолда жүру ережелері» міндетті курсын іске асыру, жиынтық бағалауды жүзеге асыру).
Сонымен қатар, мектептердің 30% -да білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары сақталмайды, 29 мектепте (24,2%) оқытылатын пәннің бейіні немесе атқаратын лауазымы бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі болмаған педагогтер анықталды.
ІІ.Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындылары.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент 37 орта білім беру ұйымдарында біліктілік талаптары сәйкестігіне тексеру жүргізді (жоспарланғандардың жалпы санының 45,7%), бұзушылықтар 11 мектепте анықталды (бірінші жартыжылдықта өткізілгендердің жалпы санының 29,7%), 26 мектепте (70,3%) тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 464-бабының 1-бөлігі бойынша лауазымды тұлғаға қатысты 5 мектеп директорына, заңды тұлғаға қатысты 6 білім беру ұйымына, оның ішінде лицензияның қолданылуын 6 айға тоқтата тұру мерзімімен бір ұйымда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
III. Профилактикалық бақылау нәтижесі.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 орта білім беру ұйымдарында профилактикалық бақылау жүргізілді: Айыртау ауданының Ақан-Бұрлық бастауыш мектебі және Аққайың ауданының Куйбышев бастауыш мектебі. Екі мектепте де мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бұзылуы жойылды, мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «Аттестатталды» нәтижесімен қорытынды берілді.
IV.Жоспардан тыс тексерулер.
Департамент 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізген жоқ.
Департамент қызметкерлері прокуратураның талабы бойынша екі білім беру ұйымында: «Новоишим аграрлық-техникалық колледжі» КММ және «Шоптыкөл арнайы мектеп-интернаты» КММ тексерулер жүргізді. Екі ұйымда да біліктілік талаптарының бұзылуы анықталды, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 464-бабының 1-бөлігі негізінде лауазымды тұлға (Новоишим аграрлық-техникалық колледжі» КММ) және заңды тұлға («Шоптыкөл арнайы мектеп-интернаты» КММ) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департамент қызметкерлері Уәлиханов ауданының прокуратурасының («Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» КММ), Аққайың ауданының прокуратурасының («Аққайың ауданының аграрлық колледжі» КММ), облыстық прокуратуранының (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде білім беру қызметін жүзеге асыратын облыстың оқу орындары – 4 ұйым) тексерістеріне тартылды.