Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

 

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева облыс прокуратурасының «2023-2024 жылдардағы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар және балалар қылмысының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы» алқа отырысына қатысты.

Бейнеконференцбайланыс режимінде аудан прокурорлары, аудан әкімдері, олардың құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, аппарат басшылары, аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары, ОМПС, аудандық білім, денсаулық сақтау бөлімдерінің басшылары, мектеп, колледж директорлары қатысты.

Кіріспе сөзбен облыс прокуроры Әбдіханов Қайрат Әліханұлы сөз сөйледі.

Қатысушылар облыс прокуратурасына сотқа дейінгі тергеу мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын беру жөніндегі басқарма басшысы Саян Қанатұлы Асқаровтың, білім басқармасының басшысы Айнагүл Ағыбаева Сураганованың, облыс ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Жардемұлы Исмагуловтың баяндамаларын тыңдады.

Сонымен қатар, білім саласындағы проблемалық мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов сөз сөйледі.

Талқылау бөлігінде прокуратура әріптестері кеңеске қатысушыларды балалар қылмысы мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды азайту мақсатында барлық мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысына шақырды. Отырыс соңында қаулы жобасы жарияланды.