
Комитет төрағасының тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында өтті және бұл кездесуде СҚО мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысының орынбасары Баймұқанов Асқар Қайыржанұлы дәріс оқыды.
Асқар Қайыржанұлы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген соңғы өзгерістермен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен таныстырды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін сақтау туралы мәселелерге тоқталып, Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.