
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысында (2024 ж. 10.12.) Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева ұсынған «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» ҚР БҒМ №190 бұйрығына (бұдан әрі-Бұйрық) өзгерістер енгізу жөніндегі «Заманауи педагог» жобасы (бұдан әрі-Жоба) талқыланды. Спикер қолданыстағы Бұйрықпен салыстырғанда Жобадағы негізгі өзгерістер мен толықтыруларды атап өтті.
Кеңес мүшелері Жобаның құрамдас бөліктерін талқылап, толықтырулар мен өзгертулердің нұсқаларын ұсынды. Мәселен, Әлия Амангелдіқызы Тасымова тұжырымдамалық аппаратты кеңейтуді ұсынды, ал Роза Сәкенқызы Саркен мұғалімнің педагогикалық қоғамдастықпен қарым-қатынас нормаларына «Кәсіби этиканы сақтау» тармағын ұсынды.
Жалпы, Кеңес мүшелері Жобаны әсіресе әлеуметтік желілердегі мұғалімнің нормалары мен мұғалімнің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар тұрғысынан қолдайды. Жақын арада педагогикалық қоғамдастықтың талқылауына Жоба ұсынатын болады.
Сондай-ақ, кеңес отырысында Департамент басшысы Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындылары туралы есеп беріп, отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.