
Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің аппараттық кеңесінде Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндама ұсынылды (2023 жылдың қорытындысы бойынша).
Бұл баяндаманы ресми статистика, орталық және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтерін талдау негізінде, сондай-ақ халықаралық салыстырмалы зерттеулердің деректері бойынша А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» Білімді зерттеу және бағалау Ұлттық орталығы» АҚ дайындады.
А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау»«Білімді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ мониторинг және бағалау департаментінің директоры Қайрат Гүлсәуле білім берудің әрбір деңгейіне сәйкес білім беру жүйесін дамытудың 5 бағыты бойынша жетістіктер мен проблемаларға тоқталды (білім беру мазмұнының сапасы, сапалы педагогикалық кадрлар, білім берудегі сапалы менеджмент, сапалы инфрақұрылым, бағалау мен мониторингтің сапалы жүйесі).
Сондай-ақ, Ұлттық баяндама халықты, педагогикалық қоғамдастықты, мемлекеттік органдардың басшыларын және халықаралық сарапшыларды Қазақстанның 2023 жылғы білім беру жүйесінің жай-күйі мен қол жеткізілген нәтижелері туралы хабардар етуге арналғанын атап өтті.