
СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде ҚР бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жобасын талқылау бойынша өндірістік кеңес өтті Департамент басшысы Г. Т. Таласбаева стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды. Бастауыш сынып оқушыларының, негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың негізгі құзыреттеріне, олардың негізінде оқутәрбие процесі құрылуы тиіс негізгі педагогикалық тәсілдерге тоқталды Инклюзивті білім берудегі көптілділіктегі пәнаралық интеграциядағы және кәсіптік бағдарлаудағы негізгі талаптар мен тәсілдерге ерекше назар аударылды