
Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің аппараттық кеңесінде Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі ережелерінің жобасы ұсынылды.
Бұл жобаны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Әділханұлы Қаратабанов таныстырды.
Спикер қолданыстағы Стандартпен салыстырғанда Стандарт жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтыруларды атап өтті.
Жақын арада Стандарт жобасы педагогикалық қауымға талқылау үшін ұсынатын болады.