Қазақстанда «Мектептерге арналған PISA-2024» жыл сайынғы зерттеуі басталды

Қазақстанда «Мектептерге арналған PISA-2024»  жыл сайынғы зерттеуі басталды

Осы жылғы 18 қарашадан 20 желтоқсанға дейінгі аралықта еліміздегі 1000 білім беру ұйымында «PISA-based Test for Schools (Мектептерге арналған PISA)» халықаралық зерттеуі өтеді.

2024 жылы «Мектептерге арналған PISA»-ға Солтүстік Қазақстан облысынан 52 білім беру ұйымынан білім алушылар қатысады, оның ішінде 50 мектеп және 2 колледж. Зерттеулер 18 қарашадан бастап ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады. Осы зерттеулердің нәтижелері 2025 жылғы шілде айында дайын болады.

«Мектептерге арналған PISA» (PISA-based Test for Schools) — білім беру ұйымдарының басшыларына 15 жасар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау және өз білімдерін жаңа контексте шығармашылықпен қолдану қабілеттерін түсінуге көмектесуге арналған цифрлық бағалау. Дәстүрлі PISA зерттеуінен айырмашылығы: «Мектептерге арналған PISA» мақсаты - жеке білім беру ұйымдары деңгейінде сыртқы бағалау жүргізу болып табылады.

Жыл сайын «Мектептерге арналған PISA» зерттеуіне қатысу үшін елдің 1000 білім беру ұйымы және 15 жастан 3 айдан 16 жасқа дейінгі  2 айлық білім алушылар таңдалады. Білім беру ұйымдарын іріктеу стратификацияланған рандомдық іріктеу әдісімен жүргізіледі.

«Мектептерге арналған PISA» сауаттылық деңгейін үш басым бағыт бойынша бағалайды: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық когнитивтік тесттер арқылы, сондай-ақ сауалнама жүргізу арқылы контекстік деректерді жинайды.

Зерттеу қорытындысы бойынша зерттеуге қатысқан білім беру ұйымдары Қазақстанның басқа білім беру ұйымдарымен және ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) орташа балымен салыстырғанда білім беру ұйымы деңгейінде 15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейі туралы ақпаратпен есептер алады.

Есептер сонымен қатар әртүрлі дағдылар контекстінде білім алушылардың нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасайды – ақпаратты іздеу, түсіндіру, талдау және түсіндіру мүмкіндігі. Есептер әрбір білім беру ұйымдарында оқыту тіліне байланысты мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылатын болады.