Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысы Тимур Темірғалиұлы Әбілмәжіновтің төрағалығымен Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбында өткізілген іс шараға Солтүстік- Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департамент ұжымы қатысты.

Бұл кездесуде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметшілердің жауапкершіліктері және білім саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі туралы маңызды ақпарат берді.