Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілімен кездесу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілімен кездесу

Солтүстік-Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен өзара байланыс құруға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігі жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Бегалина  Асемгуль Өмірбекқызымен кездесу ұйымдастырылды.

Әсемгүл Өмірбекқызы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген соңғы өзгерістермен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен таныстырды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін сақтау туралы мәселелерге тоқталып, Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына  жауап берді.