4,9 сынып оқушыларының кешенді тестілеуі

4,9 сынып оқушыларының кешенді тестілеуі

Мектептерді мемлекеттік аттестаттау шеңберінде 4,9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізіледі.

Естеріңізге салайық, кешенді тестілеу 4-сыныпта онлайн режимінде оқыту тілінде (қазақ, орыс тілінде) екі пән (оқыту тілі және математика) бойынша жүргізіледі. Тест тапсырмаларының саны: 1) оқыту тілінен – 15; 2) математикадан – 15. Тест тапсырмаларының жалпы саны – 30. Екі пән бойынша максималды балл – 30.

 Кешенді тестілеу 9-сыныпта онлайн режимінде оқыту тілінде (қазақ, орыс тілінде) үш пән (оқыту тілі, математика, инварианттық компонент пәні (нұсқаға байланысты)) бойынша жүргізіледі. Тест тапсырмаларының саны: 1) оқыту тілінен – 20; 2) математикадан – 20; 3) инварианттық компонент пәнінен (нұсқаға байланысты) – 20. Тест тапсырмаларының жалпы саны – 60.

«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен білім алушыларды даярлаудың шекті деңгейі білім алушылардың кемінде 40% - ы «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергендер болып анықталды.

2024 жылғы 13-20 қыркүйек аралығында  кешенді тестілеу облыстың 22 мектебінде өтті. 2 мектептің тестілеуі басқа мерзімге ауыстырылды. Тестілеуден өткен 19 мектептің оқушылары тапсырмаларды сәтті орындады. 24-27 қыркүйек аралығында 19 мектепте кешенді тестілеу жоспарланды.