
«943 – елімізде мақсатты мектептерді дамыту» жобасын іске асыру аясында өңірлік әдістемелік орталық базасында Жобалық кеңсенің жұмысына департамент басшысы Г.Т.Таласбаева қатысты. Жоба кеңсесінің мүшелерімен іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды.
Диагностикалық тестілеуден өткен педагогтердің үлесі және оқыту барысы бүгінгі күні 80,1% құрайды. Педагогтердің «негізгі деңгей» курстарына қатысуы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жобалық кеңсе мақсатты мектептердің директорлары мен меңгерушілері үшін бірыңғай үш күндік семинар өткізу бағдарламасын әзірледі, спикерлер анықталды.
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілер мектептерінің базасында бірыңғай кездесу күнін өткізу көзделген, іс-шараның тұжырымдамасы, бағдарламасы мен жоспары әзірленді.
Сондай-ақ мектептің жеке портретін, мектепті дамыту Бағдарламасын әзірлеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Bilim Center платформасында мақсатты мектептердің білім алушыларына кіру тестілеуін өткізу үшін кесте жасалды.
Оқушылар мен ата-аналар үшін мақсатты мектептер ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану тұрғысынан сауалнамалар әзірленді, сауалнама онлайн-режимде жүргізілетін болады.
Солтүстік Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мақсатты мектеп педагогтерінің курстардан өтуі және баланың жеке даму карталарын беру мәселелері бойынша ұсыныстар берді.