
2024 жылдың 09 қыркүйегінде департамент қызметкерлері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Мемлекет басшысы орта білімнің еліміздің кадрлық әлеуетін нығайтуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Елбасының тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. 2025 жылдың соңына дейін 217 заманауи мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, республика бойынша 1300-ге жуық мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді, мектептердің функционалдығын күшейту, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал.