
Кестеге сәйкес ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстың 96 және орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды өткізуі тиіс.
2024 жылғы 4 қыркүйекте Департамент өткізілген ақпараттық-түсіндіру семинарына мектеп әкімшілігін шақырды. Қатысушыларға мемлекеттік аттестаттау қарсаңында өзін-өзі бағалауды жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді. Мемлекеттік аттестаттау кезінде жиі кездесетін бұзушылықтар мен ескертулерге баса назар аударылды. Бұл рәсімнің қашықтық форматы мектеп әкімшілігін білім беру ұйымының қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкестігін талдау үшін қажетті құжаттарды толық көлемде толтыру мен ұсынудың дұрыстығына ерекше мұқият қарауға міндеттейді.