
2024 жылғы 04.09. департамент басшысы Таласбаева Г.Т. облыстық әдістемелік орталық базасында құрылған «943 – елімізде мақсатты мектептерді дамыту» Жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің жұмыс отырысына қатысты.
Отырыс барысында нысаналы мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарынан өту деңгейі, жеке портреттерді сапалы толтыру, баланың жеке даму картасын тапсыру мәселелері қаралды. Әдіскерлер мен мақсатты мектептердің өзара әрекеттесу жоспары талқыланды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Л.С.Әлмағамбетова мұғалімдердің курстарға қатысуына қатысты проблемалық мәселелер туралы, сондай-ақ курстан кейінгі қолдау барысы туралы ақпарат берді.
Әдістемелік орталықтың директоры Р.С. Сәркен жобалық кеңсе, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті және әдістемелік кабинеттер өкілдерінің қатысуымен нысаналы мектептердің директорлары мен сынып жетекшілеріне арналған бірыңғай 3 күндік семинар өткізу бағдарламасының жобасын жария етті.
Бұл ретте, Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті нысаналы мектептердің директорларымен білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, бағалау критерийлері туралы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.