
Бүгін жаңа оқу жылының басталуына дайындық мәселесі бойынша департамент басшысы Таласбаева Г.Т. Тайынша ауданындағы мектептерді аралады. 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Мектептерді жаңғырту бағытында қыруар жұмыстар атқарылды. Жылыту маусымына дайындық, отын алу, қазандықтардың дайындығы, сонымен қатар қауіпсіздік жүйесі, өрт қауіпсіздігі, оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілуі қаралды.