"Digital Kazakhstan: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ" республикалық тамыз Саммиті

"Digital Kazakhstan: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ" республикалық тамыз Саммиті

   

    Жаңа оқу жылы қарсаңында 2024 жылғы 21 тамызда Педагогтердің республикалық тамыз Саммиті маңызды оқиға болды. Бұл еліміздің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдерді, тәрбиешілерді, оқытушылар мен білім беру ұйымдарының басшыларын біріктіретін ауқымды іс-шара.

   Іс-шараға 1500-ден астам адам қатысты. Саммиттің басты мақсат: білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, үздік тәжірибелер мен инновациялық әдістемелермен алмасу, сондай-ақ алдағы оқу жылына арналған негізгі бағдарларды айқындау болып табылады. Республикалық тамыз Саммиті аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар, мастер-класс (Профессор Дуглас К. Хартман), цифрлық көрмелер: "Әлем мұғалімі" ұлттық сыйлығының (Global Teacher Prize) үздік 50 финалистінің тұсаукесері, Мақсат Мұхтарұлы Құрбенов, Nobel Fest бас директоры, тұсаукесерді 2023 ж. "Әлем мұғалімі" сыйлығының қатысушысы Айгүл Ишанғалиева ұсынды.

   Күннің бірінші жартысында 12 секцияда жұмыс жүргізілді. 12 секция шеңберінде мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық тәсілдер, жасанды интеллектті орта және арнайы орта білім беруге интеграциялау перспективалары, сондай-ақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту жолдары талқыланды. Инклюзивті білім беру және балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

   Екінші жартысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Жалпы отырыстың екінші бөлімі аясында "Өрлеу" басқарма төрағасы - Шилибекова Айдана Сембекқызы сөз сөйледі. Білім беру үдерісіне жасанды интеллектті енгізу бойынша еліміздің педагогтерін даярлау мәселелері бойынша, сондай - ақ Қытайдан келген әріптестер – Чжан Минсуан, Шанхай педагогикалық университетінің профессоры, Рашим Чандер-Google Mena, Түркия департаментінің директоры, Тедисо Майкл Макоэлле, Манчестер университетінің инклюзивті білім беру саласындағы философия докторы тәжірибелерімен бөлісті.

   Білім беру сапасын арттыру, Заманауи білім беру технологияларын енгізу, сондай-ақ педагог кадрларды қолдау және кәсіби дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Саммитке қатысушылар әріптестерінің озық тәжірибелерімен танысуға, өзекті мәселелерді шешу жолдарын белгілеуге және одан әрі жұмыс істеу үшін практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.

  Педагогтердің республикалық тамыз Саммиті-бұл білім беру жүйесін жетілдіруге және өскелең ұрпақтың әлеуетін ашуға бағытталған жаңа идеялар мен бастамалар туатын кәсіби диалог үшін бірегей алаң.