«DIGITAL KAZAKHSTAN : заманауи білім беру» пленарлық отырысы

«DIGITAL KAZAKHSTAN : заманауи білім беру»  пленарлық отырысы

        

Бүгін «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» педагогтардың тамыз Саммиті шеңберінде өткізілетін тамыз конференциясының облыстық пленарлық отырысына қатыстым.

Пленарлық отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің өкілі Салтанат Қайратқызы Мұхамеджанова, облыс басшылары, педагогтары, әлеуметтік серіктестер қатысты.

Кеңестің модераторы Облыстың білім басқармасының басшысы Айнагүл Ағыбайқызы Сурганова болды.

Пленарлық отырыстың ашылуы Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрі Гани Бектайұлы Бейсембаевтың облыстың педагогикалық жұртшылығын құттықтауымен бейнеролик көрсетуден басталды.

Отырыс аясында сөз сөйлеушілер облыстың білім беруді дамыту перспективаларын, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті.

2023-2024 оқу жылының қорытындылары және жаңа 2024-2025 оқу жылына арналған міндеттер туралы өз баяндамамда еліміздің білім беру саласындағы әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарына басты назар аударылды.

 Конференцияның қорытынды бөлімінде үздік мектептер, педагогтар медальдармен, Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.