Тамыз конференциясының секциялық отырысы: мақсатты мектептерді дамыту траекториясы мен құралдары

Тамыз конференциясының секциялық отырысы: мақсатты мектептерді дамыту траекториясы мен құралдары

     Ағымдағы жылдың 15 тамызында өткен тамыз конференциясы аясында 2024 жылдың маусым айында басталған Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыруға арналған секциялық отырыс өтті. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұл жобаға 20 толық жинақталған мектеп кірді, онда білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (МБББ), PISA зерттеулері, бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) нәтижелері, білім бөлімдері мемлекеттік аттестаттау қарсаңында білім сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізу талап етіледі.

    Осы жоба аясында білім беру процесінің негізгі тұлғасы ретінде педагогке басты назар аударылады: жобалық кеңсе құру, Облыстың білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскерлерін мектептерге бекіту, бюджет қаражаты есебінен барлық нысаналы мектеп мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу, педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу, тағыда басқа жұмыстар.

    Секциялық отырысқа Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы М. А. Панарина қатысты. Сөз сөйлеуде Департаменттің нысаналы мектептердегі бақылау іс-шараларының нәтижелеріне шолу жасалды, нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар призмасы арқылы оларға дайындық бойынша ұсыныстар берілді.

   Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына 4 мамырдан бастап қолданысқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осы мектеп негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтердің үлесі туралы толық жинақталған мектеп үшін кемінде 90% норманы қамтиды. Интернеттің минималды жылдамдығы кемінде 20 Мбит/сек болатын жаңа талап пайда болды.

   Аумақтық департаменттерге өз өңірінде жобаның іске асырылуын бақылауда ұстау тапсырылды.