КжТББ ұйымдары үшін семинар

КжТББ ұйымдары үшін семинар

2024 жылғы 27 маусымда Петропавл қаласының Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі базасында Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.С.Мальгаева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін түсіндіру  бойынша семинар өткізді. Семинар барысында білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымшаларды алу бойынша түсініктемелер берілді.