
Мемлекеттік қызметкердің ант қабылдауы
11.06.2024 жылы департаментте мемлекеттік қызметкер Айнұр Қанатқызы Валееваның ант беру рәсімі өтті. Ант қабылдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына сәйкес өтті. Айнұр Қанатқызы Валеева еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Марина Анатольевна Панарина мемлекеттік қызметшілер этикасының қағидаларымен таныстырды.