
Департамент жанында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беретін ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі консультативтік-кеңесші орган жұмыс істейді.
Осы органның функцияларына білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, тоқтату, сондай-ақ білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау кіреді.
Орта білім беру ұйымының өтінімінің сараптамалық қорытындысын зерделеу мақсатында 2024 жылғы 23 сәуірде білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі консультативтік-кеңесші органның ағымдағы жылдағы бірінші отырысы өткізілді.