Мектептерді мемлекеттік аттестаттау шеңберінде 4,9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізіледі.
«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен білім алушыларды даярлаудың шекті деңгейі білім алушылардың кемінде 40% - ы «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергендер болып анықталды.
2024 жылдың наурыз айында кешенді тестілеу облыстың 14 мектебінде өтті: 7 орта және 7 негізгі мектептерде. 13 мектептің оқушылары тапсырмаларды сәтті орындады.