Мемлекеттік қызмет көрсету (2024 жылдың 1 тоқсаны)

Мемлекеттік қызмет көрсету (2024 жылдың 1 тоқсаны)

Білім беру қызметін лицензиялау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің басталғаны туралы хабарлама жасау тәртібі, лицензиясыз және ескертусіз қызмет.

            2024 жылдың 1 тоқсанында 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 3 өтініш (100%) бойынша оң шешім қабылданды. Өтініштердің түрлері бойынша талдау көрсеткендей, лицензиялар және (немесе) оған қосымшалар қайта ресімделді – 3 өтініш беруші, оның ішінде 3 мектеп бойынша. Қызметті тоқтату себебі бойынша 2 бастауыш мектеп бойынша лицензияның/рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға (алып тастауға) 2 өтініш қаралды.

Білім беру қызметіне лицензиясы жоқ және білім беру процесін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары облыс аумағында жоқ. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің барлық ұйымдарында осы салада қызмет көрсетуге арналған талон-хабарлама бар. Талданатын кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдары түскен жоқ.

 

Білім туралы құжаттарға апостиль қою.

 Білім туралы құжаттарға апостиль қою бойынша 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 – жоғары білім, 7 – жалпы орта, 4 – негізгі орта, 3 - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, 1 – өзгелері. Бас тартылды-1.