
Департамент білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды дайындау мен өткізудің негізгі тәсілдерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізу тәжірибесін жалғастыруда.
2024 жылдың 15 наурызында СҚО Уәлиханов ауданы білім беру мекемелерінің басшылары мен оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары үшін семинар өткізілді.
Департаменттің бас маманы Нұртаева К.Б. басшылардың назарын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстардың тармақтарына, ұсынымдарға қосымшаларды толтыруға аударды. Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жауаптар алды.