
Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру
2024 жылға Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тексерудің жаңа түрін – біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүргізуді жоспарлады.
Мемлекеттік бақылаудың бұл түрі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі. Талаптарға сәйкестігін тексеруді тағайындау үшін автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі қалыптастырған кесте негіз болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің бұйрығымен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Аталған тізбеге облыстың 81 мектебі кірді.
Алғашқы тексерулер 2024 жылдың ақпан айының екінші жартысында өтеді. Департаментпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 30 қаңтарда білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы М. А. Панарина онлайн режимінде өткізілген семинарға қатысты. Білім беру ұйымдарының басшыларына тексерулердің құқықтық негіздері, бақылау мәні және тексерілетін кезең туралы түсініктемелер берілді.