
Аппараттық кеңеске қатысу
2024 жылғы 10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы аудандардың және Петропавл қаласының білім бөлімдерінің басшыларымен аппараттық кеңес өткізді, оған СҚО БССҚД білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы М. А. Панарина қатысты.
Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың басшыларына Департаменттің 2024 жылға жоспарланған бақылау іс-шаралары туралы ақпарат берілді. 2024 жылы бақылаудың жеке түрі ретінде алғаш реет білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілетін болады. Департаменттің сайтында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарының тізбесі орналастырылған. Оған 81 мектеп кірді, онда бұрын бармай профилактикалық бақылау жүргізілді (мемлекеттік аттестаттау).
Аппараттық кеңеске қатысушыларға білім беру ұйымдарын іріктеутетігі және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен регламенттелген тексерулер жүргізу форматы туралы түсініктемелер берілді