
Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен Петропавл қаласының «Нұр бөбек» бөбекжайы базасында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында «Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауға дайындық шеңберінде педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесі қызметкерлерінің облыстық семинары өтті.
Семинарға қатысу үшін Орталық әдіскерлерінен басқа, бақылау іс-шараларын өткізу кезінде Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің тұрақты сарапшылары болып табылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының тәжірибелі педагогтері тартылды.
Семинар аудиториясын 2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері құрады.
Оларға мемлекеттік аттестаттаудың алдындағы өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мен жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдану жөнінде түсініктемелер берілді.
Семинар жұмысына Департаменттің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Панарина Марина Анатольевна қатысты. Оның сөзінде мемлекеттік аттестаттау барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жиі анықталған бұзушылықтарына талдау жасалды.
Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер алды.
6 желтоқсанда мұндай семинар облыс орталығына келе алмаған әріптестер үшін онлайн режимінде өткізілді.
Педагогтердің жұмыс кездесулері әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізіледі, мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуге ықпал етеді.