Облыстық семинарға қатысу

Облыстық семинарға қатысу

4, 9 сынып оқушыларының білім сапасын бақылау және мониторингілеу жүйесін жетілдіру мақсатында білім алушыларды ББЖМ-ға дайындау аспектісінде (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) Петропавл қаласының №10 мектебінің базасында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО филиалының ұйымдастыруымен облыстық семинар өтті. Аталған семинарға Департамент басшысы А. С. Мальгаева қатысты (29.11.2023 ж.).

Биыл ББЖМ облыстың 89 мектебінің оқушылары қатысты. Облыстың әрбір мектебі орта білім беру ұйымдары үшін әдістемелік ұсынымдар түрінде егжей-тегжейлі талдамалық материал алды, онда әр аудан / қала, мектеп, сондай-ақ педагогтер мен білім беру ұйымдарының әкімшілігі бөлінісінде ББЖМ-2023 нәтижелеріне талдау жасалады.

«Өрлеу» БАҰО әр филиалына ББЖМ қатысушыларымен бірқатар практикалық семинарлар өткізу тапсырылды. Халықаралық, республикалық және өңірлік мониторингтер шеңберінде білім беру сапасын мазмұнды салыстырмалы бағалауды білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы ұсынады. Педагогтер білім беру сапасын бақылау мен бағалаудың заманауи тәсілдері мен әдістерін қарастырды. Ашық сабақтар сериясы оқу сауаттылығын, жаратылыстану/математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды пайдалануды көрсетті. Өткізілетін іс-шаралар циклінің оң әсері болады деп ойлаймыз.