
Департамент басшысы А. С. Мальгаева Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы алқасының кезекті отырысына қатысты (28.11.2023ж.).
2022 жылғы және 2023 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі қаралды.
Отырыста кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 21-ден 28-ге дейін өсуі байқалды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда). Прокуратура қызметкерлері айтқан жағдайды талдау осы құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға бағытталған әрбір мүдделі органнан түбегейлі және пәрменді шешімдер қабылдауды талап ететін бар жүйелік бұзушылықтар мен проблемаларды көрсетті.
Бірлескен және үйлестірілген шаралар қабылдау үшін білім басқармасына, полиция департаментіне, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияларға және өзге де мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.