
Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен 2023 жылғы 27 қарашада 2024 жылы мемлекеттік аттестаттау рәсімінен бірінші болып өтетін орта білім беру ұйымдары үшін семинар өткізілді. Семинар жұмысына орталықтың әдіскерлері, Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының және білім бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Панарина Марина Анатольевна қатысты.
Семинар шеңберінде 2023 жылы білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтпеуіне себеп болған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының бұзышылықтары қаралды. Семинарға қатысушылар мемлекеттік аттестаттау алдындағы өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша сұрақтарға жауап алды.