
2023 жылғы 2-6 қазан аралығында Департаменттің білім сапасын сыртқы бағалау бөлімінің басшысы Панарина Марина Анатольевна «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан филиалы өткізген семинарына қатысты.
Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілермен танысты, Солтүстік Қазақстан облысының cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен практикалық қызметке шолу жасалды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу және одан кейінгі жазалау мысалдары келтірілді, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 50 мекеме» РММ-не (әйелдер колониясы) экскурсия ұйымдастырылды.
Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Департамент қызметкерлері арасында семинар материалдары талқыланды.