2023 жылғы 3 тоқсандағы мемлекеттік аттестаттау нәтижелері

2023 жылғы 3 тоқсандағы мемлекеттік аттестаттау нәтижелері

2023 жылдың 3-тоқсанында СҚО БССҚД 29 білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізді, оның ішінде 12 орта білім беру ұйымдары және 17 мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары.

Барлық 12 мектеп «аттестатталмады» нәтижесімен мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша қорытынды алды.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын негізгі бұзушылықтар формативті және жиынтық бағалау жүргізу қағидаларын бұзу, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу болып табылады. Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі келген жоқ.

17 және балабақшалардың 9-ы аттестатталды, 8 – і аттестатталмады. Аттестаттаудан өтпеудің себебі қызметтің үлгілік қағидаларына сәйкес келмеуі (топтарда толықтыру нормаларының бұзылуы, атқаратын лауазымына білім берудің сәйкес келмеуі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай жасауға қойылатын талаптардың сақталмауы, тағы басқалары) болды.

2023 жылғы 10 қазанға дейін 5 аттестатталмаған балабақшаларда мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтардың жойылуына бақылау жүргізілді, «аттестатталды» нәтижесімен қайта қорытынды берілді. Басқа мектепке дейінгі ұйымдарда бұзушылықтарды жою мерзімі келген жоқ.