
СҚО БССҚД басшысы Мальгаева А.С.
Мұғалімдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы бастаған «Ұстазым менің, ұстазым» челленджін жалғастырғым келеді. Ресей мемлекетінде алтын ұя мектебімнің табалдырығын аттадым. Құшағым гүлге толы, ақ бантик байлап, ақ фартук киген балалық шағым кеше ғана болғандай, сол сәт әлі күнге дейін көз алдымда. Ол кезде балабақшадан шығып, «ер жетіп» тезірек мектеп оқушысы болуды армандап едім. Алғашқы ұстазым - Александра Леонтьевна мектептегі ең тәжірибелі мамандардың бірі еді. Ол кісі - өз ісіне тиянақты қарайтын, әрқайсымыздың көңілін таба білген жан.
Орта мектепті өз Отанымда тәмамдадым. Ұзынкөл ауданына қарасты Киров орта мектебінің ұжымы - Сарсенов Токмурза Ерденович, Сарсенова Ляйля Аубакировна, Бикенов Токтарбай Бикенович, Чипенко Николай Михайлович, Нарымбаева Майра Байтажевна, Сальников Сергей Александрович, Ковалёва Людмила Николаевна, Бимагамбетова Акблек Ермурзаевна сынды білікті мамандардан тәлім алдым. Шәкірт ұстазына қарап бой түзейді. Бұл кісілердің өнегесі талай түлектерді қанаттандырды, талай мектеп бітіруші өмірден өз жолын тапты.
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді төл мерекелеріңіз- мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!