
2023 ж.13.09. СҚО БССҚД басшысы А. С. Мальгаева облыс әкімінің м.а. М.И.Тасмағамбетовтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңес Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының бастамасымен өткізілді.
Кеңесте арнайы білім беру ұйымдарын тексеру қорытындылары айтылды.
Күрделі қаржылық инвестицияларды және кадрлық менеджментті байыпты талдауды қажет ететін мәселелер бар. Білім басқармасына материалдық-техникалық базаны жарақтандыруды, жөндеу жұмыстарын жүргізуді, осы білім беру ұйымдарын құжаттамалық қамтамасыз етуді және өзге де қолдауды қамтитын кешенді бағдарлама әзірлеу тапсырылды.