
Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн форматта кеңес өткізді.
Кеңесте көтерілген басты мәселе - білім беру процесін ұйымдастыру процесінде резонанстық жағдайлардың алдын алу мәселелері.
Атап айтар болсақ:
-білім беру ұйымындағы ыстық тамақты ұйымдастыру;
-оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
-педагогтер арасында сағаттардың бөлінуі (вариативті компонент, инвариантты компонент);
- күрделі жөндеу жұмыстары;
-мектептердегі гардероб жұмысын ұйымдастыру;
-ішкі дәретханалардың жұмыс істеуі;
-мектеп оқушыларының қауіпсіздігі;
-педагогикалық әдептің сақталуы;
-жылу беру маусымына дайындық;
-буллинг мәселелері;
-дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік;
-педагогтерге жалақы төлеу мәселесі.
Жиын барысында оқу-тәрбие процесін сауатты ұйымдастыру, жауапкершілікті анықтау, барлық қауіп-қатердің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Барлық кездесуге қатысушылардың назары талаптарды қатаң сақтауға және білім беру ұйымдарында қолайлы, жайлы және қауіпсіз ортаны құруға аударылды.