Қайталама аттестатау

Қайталама аттестатау

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап өткізілетін форматта (бармай профилактикалық бақылау) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған. Бұзушылықтар анықталған жағдайда білім беру ұйымының өзі оларды жою мүмкін болатын мерзімді белгілейді, белгіленген күнге орындалған жұмыс туралы есеп жасайды және растайтын құжаттармен бірге оны білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

Осылайша, мемлекеттік аттестаттау рәсімі жауапты лауазымды тұлғаларды жазалауға емес, білім беру ұйымының қызметін әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған.

Ақжар ауданының аттестатталмаған балабақшаларының бірінде бұзушылықтарды жоюды бақылау аяқталды. Сараптама комиссиясының мүшелері мемлекеттік аттестаттау барысында құрамында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар болған топтардың толу нормасынан асып кеткенін анықтады. Жаңа оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымда белгілі бір жастағы екі топ құрылды, бұл балалардың балабақшада болуына және тәрбиешілердің жұмысына қолайлы жағдай жасады.

Мектепке дейінгі ұйымның қызметі стандарт талаптарына сәйкес келтірілді, комиссияның «Аттестатталды» деген шешімімен қайта қорытынды берілді.