
Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.С.Мальгаева Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының «Петропавл қаласы мен облыс аудандардағы білім берудің қолжетімділігін, білім беру объектілерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы» мәселе бойынша отырысына қатысты. Жиын барысында облыстың білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг қорытындысы, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы бақылау іс-шараларының қорытындылары айтылды.