
Департаментпен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
Өтініштерді қабылдау және Білім беру қызметіне лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы «электрондық үкіметвеб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде лицензияға қосымша алуға 7 өтініш қаралды (колледж-5, мектеп-2), оның ішінде – 4 (колледж-3, мектеп-1) берілді, біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебінен бас тартылды - 3 (колледж-2, мектеп-1).
Сонымен қатар, лицензияны және /немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге 20 өтініш оң қаралды (колледж-16, мектеп-4).
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге өтінішті қабылдау Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкіметвеб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Барлығы білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 65 өтініш қаралды, оның ішінде 61 құжатқа апостиль қойылды, құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбау және төлемеу себебінен бас тартылды– 4.
Шығу елдері: Аргентина, Греция, Польша, Латвия, Оңтүстік Корея, Венгрия, Италия.