Мектептердің жаңа оқу жылына дайындық мониторингісі

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындық мониторингісі

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы негізінде 2023 жылғы 10-24 шілде аралығында Айыртау, Аққайың, Мамлют, Қызылжар аудандары және Петропавл қаласының орта білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылына дайындық мониторингісін жүргізді.

Жалпы мониторинпен Департамент қызметкерлерімен  166 оқу орны қамтылды.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысына,  интернеттің жылдамдығы, қауіпсіздіктің сақталуына (бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі) , жылы санитарлық тораптар (ішкі әжетханалар), спорт залдары, спорттық жабдықтаулар, асханалар, жаңадан алынған пәндік кабинеттер, робототехника кабинеттерінің қамтылуына зерделеу жүргізілді.